05-04-24 |
3550 рет қаралған
Балаларын өлтірген әйелге қатысты тың дерек шықты.
Балаларын өлтірген әйелге қатысты тың дерек шықты

Қарағанды облысы Бұхар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінде екі баланың өлі денесі табылды.

Қарағанды ​​облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 4 сәуірде болған. 2-4 жас аралығындағы балалардың денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыс жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейін анықталғандай балаларын өлтірді деген әйел 2019 жылға дейін психикалық ауруханада есепте тұрған.

Гагарин ауылының әкімі Асқар Әміреның айтуынша, әйел ішімдікке әуес болмаған. Күдіктінің үш баласы бар. Кенжесі әлі бірге де толмаған.

Ол балалардың әкесі емес, өзге ер адаммен бірге тұрған. Екі сәбидің өлімі туралы полицияға хабар берген де сол.

Үшіншісін – бір жасар баланы мамандар балалар үйіне алып кетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.