11-09-24 |
3040 рет қаралған
Бартоғай су қоймасында үш күнде су деңгейі 1,5 метрге көтерілді.
Бартоғай су қоймасында үш күнде су деңгейі 1,5 метрге көтерілді

Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасы биыл 300 млн текше метрге жуық су жинады. Қазір мұнда 185 млн текше метр су бар.

Бүгінгі таңда шаруалардың сұранысы бойынша су қоймасынан секундына 86 текше метр су жіберілуде. Төменге тасталған су Үлкен Алматы каналы арқылы Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының 85 мың гектардан астам жерін суаруға пайдаланылады. Суару маусымы басталғалы Бартоғай су қоймасынан дихандарға 625 млн текше метр су жіберілді.

«Биыл су жақсы, мол келді. Әлі де келіп жатыр. Бір күнде секундына 195 текше метрден су келген фактілер тіркелді. Үш күнде ғана судың орташа деңгейі 1,5 метрге көтерілді»,- дейді Бартоғай су қоймасының қызметкері Сәбит Орынбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.