Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты өз әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап, айуандықпен өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.
Бүгін сот Бишімбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында (азаптау), 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағында (кісі өлтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Сот экс-шенеуніктің туысы – Гастро орталығының директоры Бақытжан Байжановты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.
Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Бұл процесс әлеуметтік желілерде көрсетіліп, қазақ қоғамында кең резонанс тудырды.
Бұл іс тек Қазақстанда ғана емес, басқа да көптеген елдер бақылап отырды.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024