22-04-24 |
3460 рет қаралған
Бишімбаев ақыры сотқа телефонының кодын беретін болды.
Бишімбаев ақыры сотқа телефонының кодын беретін болды

Қуандық Бишімбаев сотқа телефонының кодын беретін болды. Бұл туралы адвокат Ерлан Ғазымжанов айтты.

«Мен хатшыдан үзіліс кезінде Бишімбаевтың телефонын зарядтауын өтіндім. Ал басқа амал жоқ болса, Бишімбаев сотта телефонды тексеру үшін телефоннан алынған кодты сотқа беруге келіседі»,  деді адвокат.

Жәбірленушілердің өкілі Игорь Вранчев күмән келтіріп, телефонның IMEI кодын тексеруді және соңғы өшірілгендерді тексеруді сұрады.

«Телефон қорғаушылардың қолында болды, оны үстелдің астында не істегені белгісіз»,  – деді ол.

Тараптардың келісімімен судья Айжан Құлбаева сот залында Бишімбаевтың телефонын тексеруге кірісті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.