Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша айыптау куәгерлерінің тізімінде шымкенттік балгер де бар.
Қуандық Бишімбаев жедел жәрдем шақырудың орнына жүгінген экстрасенсті тергеу анықтады. Сотталушының айтуынша, Салтанат Нүкенованың кешке оянатынын балгер болжаған.
Тергеу органы көріпкелді анықтап, одан жауап алды. Ол айыптау тарапының тізімінде (куәгерлер)», – деді жәбірленушілердің адвокаты Жанна Уразбахова AIRAN агенттігіне берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, сотталушы, ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев «BAU» мейрамханасының фойесінде Салтанат Нүкенованы ұрып-соғып, онымен диванда ұйықтап қалғанын айтқан. Ол Нүкенованың бетіндегі алғашқы көгерген жерлерді сағат 10:30-да көргенін, бірақ кейін ол жедел жәрдем шақырудың орнына, оқиғаны жария еткісі келмегендіктен көріпкелге хабарласқанын түсіндірді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024