06-05-24 |
3000 рет қаралған
Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты.
Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

Бишімбаев өз сөзін алқа билер алқасына қарата айтып, «осында сіздің жақындарыңыз сотталып жатыр деп елестетіп көріңізші», – деді.

«Өзіңізден сұраңыз: егер сот отырысында Бишімбаев болмаса ше? Бұрынғы министр емес, қарапайым азамат болса? Әлеуметтік желіде осыншама жалар ма еді? Дәлелдерсіз ол кісіге осындай ауыр қылмыс жасады деп айып тағылар ма еді? Мұны бір секундқа елестетіп көріңіз. Жақындарыңыздың біріне осындай сынақ болғанын қалайсыз ба? Ал тергеуге, сотқа, куәгерлерге жасалған осындай ақпараттар, орасан зор қысымдар ше», – деген экс-министр Бишімбаев сұрақтармен эмоционалды лебізін білдірді.

Қуандықтың сөзі қысқа болды, судья үзіліс жариялады. Келесі сот отырысы 10 мамыр сағат 10:00-де. Үкім дәл осы күні шығарылуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.