02-05-24 |
5280 рет қаралған
Бишімбаевтың көзінен еш өкініш көрмедік– прокурор.
Бишімбаевтың көзінен еш өкініш көрмедік– прокурор

Соттағы жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Аймағанова сөз сөйледі.

«Есі бар сияқты, интеллект жұмыс істейді дегенді алғаш рет кездестірдім. Ал сырттай адам жақсы көрінеді. Бірақ бұл адамда басты нәрсе – жүрек жоқ. Оның көзінен еш өкініш, жанашырлық, тәубеге келушілік көрмедік», – деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы Салтанатт басынан 12-13 рет соққы алғанын атап өтті.

«Бишімбаев бізге Салтанаттың басын дәретханаға қалай ұрғанын, содан кейін еденге қайта-қайта құлағанын айтып берді. Бірақ сараптамалар керісінше болып отыр», – деді ол.

Сот залында мемлекеттік айыптаушы қанға ұқсайтын қызыл сұйықтық құйылған өлшегіш бөтелкелерді көрсетті.

Бұл процесс Қазақстанның бүкіл сот жүйесі үшін үлкен прецедент екенін мойындау керек. Оның үстіне, біздің жадымызда бірінші рет айыптау соншалықты эмоционалды және ашық айтылып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.