29-10-24 |
1360 рет қаралған
Бишімбаевтың жазасын жеңілдетіп берем деп 100 млн теңге сұраған әйел сотталды.
Бишімбаевтың жазасын жеңілдетіп берем деп 100 млн теңге сұраған әйел сотталды

Астанада өз әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынған Людмила Грачеваға сот үкімі шықты. Әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот Людмила Грачеваны алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп тапты.

Антикор Людмила Грачеваға аса ірі көлемде – Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету сылтауымен 100 миллион теңгені алмақ болды деген айып тағылғанын хабарлады. Сотта филологиялық сараптама Людмила Грачеваның Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаеваны қазылар алқасына пара беруді ұсынғанын көрсетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.