Біз
әлеуметтік
желіде
04-06-25 |
550 рет қаралған
БҚО-да улы газдан бес бала қаза тапты.
БҚО-да улы газдан бес бала қаза тапты

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында болды. Жеке тұрғын үйден өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде жеткенімен, балалардың барлығы ес-түссіз күйде болған. Ауруханаға жеткізілген сәтте олар қайтыс болды.

«Оқиға орнына келген кезде үйдің ішінде жеке заттар мен жиһаздар ашық жалынмен жанып жатты, өрт аумағы – 30 шаршы метр. Шақырту орнына ТЖД басшылығы, өрт зерттеу сынақ зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы шықты. Өрт сөндірілді», – деді БҚО ТЖД өкілдері.

Қаза тапқандардың ең үлкені – бес жаста. Қалған балалар 2020, 2021, 2023 және 2024 жылдары дүниеге келген.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.