arasha.kz

Блок бекетті бұзып өтпек болған мас жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды (видео)

фото: видеодан алынған скриншот

Алматы қаласы Алатау ауданында мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетіне кіріп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 2 сәуірде болған.

“Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылының тұрғыны, 1970 жылы туған А. есімді азамат “Тойота Ипсум” маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің солтүстік бағытында № 4 бақылау-өткізу бекетіндегі металл турникетпен соқтығысқан. Әрі қарай қозғалысты жалғастыра отырып, жүргізуші тоқтап тұрған “Киа” маркалы полиция көлігімен бетпе-бет соқтығысып, содан кейін шетте тұрған “Лада Приора” мен “Тойота Камри” көлігімен соғысқан. Қызметтік көліктің жүргізушісі, полиция аға сержанты Мереке Отарғазы екі аяғының сынығымен жедел ауруғанаға жеткізілді. Болжам бойынша минивенді мас жүргізуші басқарған. Енді оның алкогольге немесе есірткіге мас болғандығын анықтау үшін медициналық тексерістен өтеді. Бақытымызға орай, бекетте тұрған адамдар көп болғанымен, басқа азаматтар зардап шеккен жоқ: бірнеше бөлімнің өкілдері осында қызмет етеді”, – деп түсініктеме берген Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі  Салтанат Әзірбек

Exit mobile version