Танымал боксшы Жанқош Тұраров қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
«Алынған арызға байланысты Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», – деп жауап берді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 19 тамыз күні полицияға 28 жастағы бойжеткеннің пәтерде зорлағаны туралы арызбен хабарласқаны туралы ақпарат пайда болған. Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады. Мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.