29-07-24 |
5830 рет қаралған
БҚО-да ауруханада жүкті әйел қайтыс болды.
БҚО-да ауруханада жүкті әйел қайтыс болды

Жүкті әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша БҚО-да қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 15 мамырда Жанғалы аудандық ауруханасында болған. Үш баланың анасы, 36 жастағы Индира Такесова төртіншісін босану кезінде қаза тапты. Әйел ауруханаға өз аяғымен келген. Алайда, өзі де, бала да ауруханада көз жұмды.

«Сол күні Индираның өзі таңертең көлік жүргізіп, ауруханаға барды. Бәрі жақсы болды, ол ештеңеге шағымданбады, үш баланы да өзі дүниеге әкелген. Бұл жолы дәрігерлер оған қалаға баруға үлгермейтінін және аудандық ауруханада босанатынын айтқан. Бірақ қандай да бір себептермен дәрігерлер кесарь тілігін жасаймыз деп шешкен. Себебін әлі білмейміз. Бала да, әйелім де қайтыс болды. Ота жасалмай жатып, өліп кеткен», – деді марқұмның күйеуі Нұржан Қанатов.

Марқұмның артында 3 баласы қалды. Оның үлкені 11, кішісі 5 жаста.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.