Ер адам Ресей жағында соғысуға өткен жылдың соңында кетіп, 2024 жылдың ақпанында хабарсыз кеткен.
Белгілі журналист Лұқпан Ахмедьяров өзінің Facebook парақшасында Батыс Қазақстан облысы тұрғынының өліміне қатысты пікір білдірді. Оның жазбасында айтылғандай, марқұм Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының 61 жастағы тұрғыны болып шықты. Этникалық қазақ азаматы осыдан 30 жыл бұрын отбасымен Ресей Федерациясының Орынбор облысынан Қазақстанға көшіп келген.
Бірақ өткен жылы ол соғысқа аттанған.
«2023 жылдың аяғында ол отбасына Ресей Федерациясына кетіп, өз еркімен соғысқа аттануға ниетті екенін айтқан. Туыстары оны бұл ойдан тайдыруға тырысты, бірақ ер адам айтқан бетінен танбай, барлығына украиндық әскерилер орыс балаларын өлтіріп жатыр және украиндардың бәрі нацистер деп сендіруге тырысқан», – деп жазады Ахмедьяров.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024