06-05-24 |
10710 рет қаралған
Бурабайға қыдыруға барған жасөспірім көз жұмды.
Бурабайға қыдыруға барған жасөспірім көз жұмды

Ақмола облысының полициясы Бурабайда оқыс оқиғадан қаза тапқан жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғады.

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Астаналық жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.

«Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтерді көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар жасалады, тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.