arasha.kz

Д. Абаев: Арандатушылар «барахолкада» қақтығыс жасауға үндеу жасаған

Фото: Э. Карманова

Фото: Э. Карманова

Жамбыл облысы Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланған жоқ, елдің басқа аймақтарында да жағдай тұрақты деп мәлімдеді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 8 ақпанда өткен брифингте.

Сондай-ақ министр Алматыдағы «барахолка» не үшін жабылғанын айтты.

«Түсініңіздер, барахолкада қақтығыс жасауға үндеу жасалған. Сондықтан сақтық шаралары күшейтілді», – деді министр Абаев журналистерге.

Ел ішінде Барахолка деп аталып кеткен базарлар бүгін жабық тұр. Базар маңын патрульдік полиция қоршап тұр.

Exit mobile version