arasha.kz

Діни алауыздық тудырды деген күдікті полиция қызметкеріне шабуыл жасады

СҚО-да алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Есіл ауданының тұрғынынан  діни алауыздықты қоздыру белгілері бар жариялаған материал анықталған.

Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу әрекеттері барысында мән-жайды анықтау үшін аудан орталығының тұрғыны полиция бөліміне жеткізіледі. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатымен ер адамнан iPhone14 телефонын беруді сұрайды. Бірақ жергілікті тұрғын олардың заңды талабын елемей, құрылғыны сындырмақ болған. Полицейлер оның әрекетін тоқтата білді, бірақ ер адам қызметкерлердің бірінің бетіне соққы жасаған.

– Күдікті ұсталды. Оған қатысты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін сараптама көрсетеді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Exit mobile version