Біз
әлеуметтік
желіде
23-06-25 |
90 рет қаралған
Дамаскідегі шіркеуде теракт болды: кемінде 22 адам қаза тапты.
Дамаскідегі шіркеуде теракт болды: кемінде 22 адам қаза тапты

Сирия астанасы Дамасктің шығыс бөлігіндегі православ шіркеуінде теракт жасалып, кемінде 22 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Reuters агенттігі елдің қауіпсіздік және денсаулық сақтау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Жексенбі, 22 маусым күні лаңкес грек православ шіркеуі – Әулие Илья храмына кіріп, алдымен оқ жаудырған, кейін өз-өзін жарып жіберген. Сирия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 59 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Ақпаратты Sana мемлекеттік агенттігі де растады.

Reuters мәліметіне сенсек, шабуылға екі адам қатысқан. Екінші адамның тағдыры белгісіз. Syria TV телеарнасы да өз тілшісіне сілтеме жасап, шабуылдаушылар саны екеу екенін хабарлаған. Алайда бұл ақпарат ресми түрде нақтыланған жоқ.

Сирия Ішкі істер министрлігі шабуыл жасаған жанкештінің «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының мүшесі болғанын мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.