02-09-24 |
5650 рет қаралған
Депутат Ермұрат Бапи неміс дәрігерлері қандай диагноз қойғанын айтты.
Депутат Ермұрат Бапи неміс дәрігерлері қандай диагноз қойғанын айтты

Естеріңізге сала кетейік, мәжілісмен шілде айында белгісіз дертінің себебін анықтау үшін Германияға медициналық диагностикаға барған болатын. Депутат сол жерде емделгенін жоққа шығарады. Бапидің айтуынша, дәрігерлер аурудың себебі әртүрлі дәрі-дәрмектерді бір мезгілде қолдану деген диагноз қойған.

«Мен емделген жоқпын, тек диагностикадан өттім. Ағзаға әртүрлі дәрі-дәрмектерді бір мезгілде қолдану әсер еткен. Бұл, былайша айтқанда, бір-бірін жоққа шығаратын дәрілер», – деді мәжілісмен.

Бапи Қазақстанда емес, Еуропада медициналық тексеруден өтуінің себебін де былайша түсіндірді:

«Мұндағы дәрігерлер диагноз қоя алмады. Мен үш емханада тексерілдім. Сондықтан мен Еуропаға ұшуға мәжбүр болдым».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.