arasha.kz

Досаев тау бөктерінде 11 қауіпті орын барын айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл ақпан айынан бастап жұмыс тобы қауіпті учаскелерді тексеріп жатыр.

«Медеу ауданында 74 аумақ тексерілді, оның 11-і жоғары көшкін қаупі бар және жедел шаралар қабылдауды талап етеді. Төтенше жағдай аясында 5 учаскенің беткейін нығайту жұмыстары жүргізіледі, ал қалған 6 учаске мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынады. Жұмыстың қорытындысы қазан айында шығады», – деді әкім.

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде биылғы ақпанда «Таусамал» шағын ауданындағы Олимпийская көшесіндегі лай көшкіннің салдарын жою бойынша қабылданған шаралар туралы да айтты.

Exit mobile version