Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес елордада өнер көрсетеді. Оның менеджерінің хабарлауынша, концерт 1 тамызда Astana Arena спорт кешенінде өтеді.
Әнші бұл концертті Up All Night атты әлемдік гастрольдік тур аясында өткізбек.
«Биылғы жазда мен бірнеше ерекше концерт қоямын. Сіздермен кездесуді асыға күтіп жүрмін. Көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болғалы тұр», — деп жазды Джей Ло өзінің инстаграм парақшасында.
Ұйымдастырушылар билет сату қашан басталатынын әзірге хабарлаған жоқ.