Екібастұзда ескі ғимаратты бөлшектеу кезінде кран аударылып қалды.
«Қоңырау 8 қыркүйек күні сағат 15.17-де түсті. Оқиға орнына құтқарушылар келді, бірақ олардың көмегі қажет болмады. Жүргізуші секіріп үлгерген, ол зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінен.
Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, басқа зардап шеккендер жоқ.