Екібастұздағы сауда орталығында болған құлау салдарынан үш кәмелетке толмаған бала мен екі ересек адам медицина қызметкерлеріне жүгінді.
«Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне бесеуі жүгінді, олардың үшеуі – 2008, 2009 жылы туған кәмелетке толмағандар», – деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Оларға әртүрлі жарақаттарға байланысты амбулаториялық ем тағайындалды.
Сауда үйі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жабылды.
Еске сала кетейік, сауда үйінде 150 шаршы метр аумақта аспалы төбенің құлауы орын алған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.