arasha.kz

Екібастұзда тойға келген қонақтар астан уланып ауруханаға түсті

Екібастұзда 14 сәуірден бастап жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану және бактериялық ішек инфекциясының белгілері бар науқастар келіп жатыр. Науқастарда қайталанатын құсу, қатты әлсіздік, іштің ауыруы, дене температурасының жоғарылауы байқалған.

«Эпидемиологиялық анамнезді жинау кезінде олардың барлығы 13 сәуірде қаладағы дәмханалардың бірінде қонақта болғандары анықталды. Жедел жәрдем бөлімінде тексеріліп, жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін (асқазанды шаю) науқастар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр», – деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

24 сағат ішінде дәрігерлердің көмегіне барлығы 32 адам жүгінген, оның төртеуі ауруханаға жатудан бас тартқан, қалғандары ем қабылдап жатыр.

Exit mobile version