Ақтауда келісімшартпен жұмыс істеп жатқан әскери қызметші өз пәтерінде өлі күйде табылды.
Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алдын ала болжам бойынша, өлімге отбасылық жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсау себеп болған.
«Осы жылдың 28 қыркүйегінде тұрғылықты жеріндегі пәтерден Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде 1985 жылы туған келісімшартпен жұмыс істеп жатқан әскери қызметшінің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметші отбасындағы жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ер адам бір жылдай декреттік демалыста болған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, 20 қыркүйекте Аягөз гарнизонында офицер өз пәтерінде өлі күйінде табылған еді.
Дегенмен, әскерилер арасында болып жатқан қайғылы оқиғаларды ресми нұсқада көбіне суицид пен әлімжеттіке қатысы жоқ оқиғалар туралы айтылады, бірақ қоғам мұндай түсініктемелерге жиі күмәнмен қарайды.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024