Біз
әлеуметтік
желіде
09-04-25 |
280 рет қаралған
Елордада жатақхана өртке оранды.
Елордада жатақхана өртке оранды

Бүгін таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында өрт шықты.

Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын мансардалық 6-қабатта болып жатқаны анықталды. Келген сәтте қабат толығымен отқа оранған. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Өрт 1600 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді.

Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.