Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Диханбай Айсұлтан оқу ордасының ішінде оқушылар арасында жиі орын алатын қақтығыстарды хабарлайтын жүйені ойлап тапты.
Жүйе мекеме ішіндегі бейнебақылауға енгізіліп, адамдардың қозғалысын бақылап, агерссия белгілерін анықтағанда бірден хабарлама арқылы белгі береді. Айсұлтан бұл жобасын қазір жасөспірімдер арасында жиі кездесетін буллингты алдын алу үшін информатика пәнінің ұстазы Данара Шайкуалиевнамен бірлесіп жасаған.
Менің бұл жобам оқушылардың қауіпсіздігін алдын-алуға мүмкіндік береді. Мұндай инновациялардың арқасында менің достарым өздерін қауіпсіз сезініп, болашаққа сеніммен қарай алады. Жалпы, бұл мектепте ғана емес кез-келген мекеме пайдалана алады,- дейді жас өнертапқыш.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету идеясы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Айсұлтанның жобасы қолданысқа енгізілсе қоғамдағы көптеген құқық-бұзушылықтарды алдын-алдын алар еді.
-
28.01.2025
-
28.01.2025
-
28.01.2025
-
28.01.2025
-
28.01.2025
-
28.01.2025
-
28.01.2025
-
28.01.2025
-
28.01.2025