Павлодарда ер адам автокөлігімен бірге өртеніп кетті.
«2 ақпан күні сағат 5.31-де көліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Үйлердің бірінің ауласында ВАЗ-2190 толықтай жанып кеткен. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері көліктің жанынан 2001 жылы туған ер адамның күйген денесін анықтады», – деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт орнында жеке құрамның бес адамы мен бір техникасы жұмыс істеді.