Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Досаев Ерболат Асқарбекұлы Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды», – делінген сенбі күні таратылған хабарламада.
Досаев 2022 жылғы қаңтардан бастап Алматы қаласының әкімі болды. Оған дейін, 2019 жылғы ақпаннан бастап Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған, ал одан бұрын – 2017 жылғы тамыздан бастап вице-премьер лауазымында болған. Әр жылдары ол бірнеше министрлікті басқарған, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы болған, сондай-ақ басқа да жауапты мемлекеттік қызметтерді атқарған.