23-03-24 |
13180 рет қаралған
ФСБ Мәскеудегі терактіні ұйымдастырушылардың Украинамен байланысы барын мәлімдеді.
ФСБ Мәскеудегі терактіні ұйымдастырушылардың Украинамен байланысы барын мәлімдеді

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Мәскеудегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылардың Украинада байланысы бар екенін хабарлады.

«Крокус Сити Холлдағы терактіге қатысқан лаңкестер Ресей-Украина шекарасына қарай қашпақ болды, деп хабарлады ФСБ Орталық операциялық орталығы. Лаңкестер шекарадан өтуді жоспарлап, Украина жағында байланыста болған. Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекет мұқият жоспарланған», – делінген сенбі күнгі хабарламада.

Айта кетсек, 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекет салдарынан 70-ке жуық адам қаза тапты, шабуыл құрбандарының арасында бірнеше бала бар, 115-ке жуық адам жарақат алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.