Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Мәскеудегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылардың Украинада байланысы бар екенін хабарлады.
«Крокус Сити Холлдағы терактіге қатысқан лаңкестер Ресей-Украина шекарасына қарай қашпақ болды, деп хабарлады ФСБ Орталық операциялық орталығы. Лаңкестер шекарадан өтуді жоспарлап, Украина жағында байланыста болған. Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекет мұқият жоспарланған», – делінген сенбі күнгі хабарламада.
Айта кетсек, 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекет салдарынан 70-ке жуық адам қаза тапты, шабуыл құрбандарының арасында бірнеше бала бар, 115-ке жуық адам жарақат алды.