Біз
әлеуметтік
желіде
23-03-25 |
730 рет қаралған
Газа секторында әуе соққысы кезінде ХАМАС-тың жоғары лауазымды шенеунігі қаза тапты.
Газа секторында әуе соққысы кезінде ХАМАС-тың жоғары лауазымды шенеунігі қаза тапты

ХАМАС саяси бюросының мүшесі Салах әл-Бардавиль Израильдің әуе соққысы кезінде Газа секторындағы Хан-Юнис қаласында қаза тапты.

Әл-Бардавиль белгілі тұлға болатын және жергілікті БАҚ-та жиі көрінетін.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол әйелімен бірге мерт болған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль зымыраны олардың намаз оқып отырған шатырын дәл көздеп атқан.

Израильдік ресми тұлғалар бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Израиль әскері сейсенбі күні Газа секторына қарқынды соққыларын қайта бастады. Тель-Авив ХАМАС-ты 19 қаңтарда Катар, Мысыр және АҚШ-тың арағайындығымен жасалған бітімді бұзды деп айыптауда. Алайда ХАМАС бұл айыптауларды жоққа шығарды.

ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте сектордың әртүрлі бөліктерінде 32 палестиналық қаза тапқан.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.