10-12-24 |
720 рет қаралған
Халықаралық іздеуде жүрген Антикордың бұрынғы қызметкері ұсталды.
Халықаралық іздеуде жүрген Антикордың бұрынғы қызметкері ұсталды

Антикор жеке құрам арасында жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүйелі негізде өз қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша аумақтық департамент басшысының бұрынғы орынбасары Д. Қожабаевқа қатысты қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бірінің директорынан қылмыстық жауаптылықтан босатқаны үшін пара алды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуде. 

Қожабаев тергеуден қашып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұстап, тергеу изоляторына қамады.

Тергеу жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.