«Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев мәжілістің бұрынғы депутаты Асқар Садықовты партиядан шығару себебін айтты.
«Партиямыздың атына А.Садықовқа қатысты бірқатар шағымдар түсті, онда айтылған жәйттар пленумда қалалып, тісті шешім шығарылды. Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этика нормаларын бұзуына байланысты болды», – деді Перуашев.
Оның айтуынша, парламенте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам А.Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып арызданған.
Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде ватасабына А.Садықовтан келіп түскен хабарламаларының скринін көрсеткен.
Арызданушы 17 сәуірде өзіне жазылған мұндай қорлау ұсыныстарды жауапсыз қалдырып, елемеген екен. Алайда, 15 мамырда бұл әрекеттер тағы қайталанған және арызданушының айтуынша, А.Садықов жыныстық бопсалауды жүйелі түрде басқа күндерде де жалғастырған.
Бірақ, А. Садықовтың депутатық қол сұғылмаушылыққа ие болуына байланысты, харрасментке тап болған жәбірленуші құқықтық қорғауға жүгіне алмаған.
«Пленум барысында осындай әшкере болған заңсыз әрекеттерге жол берілмейтіндігі туралы ескертуіме жауап ретінде А.Садықов «өзінің депутат екенін және кімге не қаласа соны айтуға құқылы» екенін айтты. Сондықтан, біз бұл кедергіні алып тастадық, ал, А.Садықовты депутатық мәртебесінен айыру туралы қабылданған шешім жәбірленушіге ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға мұмкіндік беред», – деді партия жетекшісі.