Біз
әлеуметтік
желіде
14-05-25 |
90 рет қаралған
Хуторлықтар кінәсіз, ал тергеу қателесті. Танымал адвокат Шерзат Полат ісі жайлы пікір білдірді.
Хуторлықтар кінәсіз, ал тергеу қателесті. Танымал адвокат Шерзат Полат ісі жайлы пікір білдірді

Қазақстандағы танымал заңгер Жохар Өтебеков Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі сынға алды. Ол тергеудің сапасыз жүргізілгенін және «Хутор» ОПГ мүшелерінің жауапкершіліктен құтылып кеткенін мәлімдеді.

Өз Telegram-арнасында Өтебеков былай деп жазды:

«Шерзатты өлтірген жерде 15 адам болған! Оның ішінде 13-і тергеуге алынды, 11-і қамауға алынып, 9-ы ғана сотқа жетті. Бірақ кісі өлтірді деген айып тек бір адамға тағылған! Қалғандары көршілердің ұйқысын бұзғаны үшін ‘бұзақылықпен’ ғана жауапқа тартылуда», — дейді ол.

Адвокат полиция мен прокуратураның «Хуторлықтарды» кінәсіз деп санауына да ашуланды.

«Судья бұл істі заң аясында мінсіз жүргізіп жатыр. Бірақ ол полиция мен прокурорлар босатып жіберген адамдарды кісі өлтірді деп соттай алмайды. Бір жылдан кейін талғарлық ‘бұзақылар’ шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығады. Сосын қайта адам өлтіріп, елдің тыныштығын бұза ма? Хуторлықтар тағы да жазадан құтылды! Тергеу изоляторында соны тойлап жатқан шығар? Сот залында сондықтан күліп отыр ма?» — деп жазды Өтебеков.

Ол сонымен қатар сотта Шерзаттың пышақталған сәті дәлелденбегеніне назар аударады — куәгер де, бейнежазба да жоқ. Адвокаттың айтуынша, прокуратура кісі өлтіру уақыты бойынша да қате жіберген.

«Тергеу дерегі бойынша, Шынасыл Шерзатқа 00:42-де, ал Нұрғанатқа 01:04-де пышақ салған. Бұл не сандырақ? Шерзат пышақ жарақатымен 20 минут төбелесіп жүрді ме? Ол дүкеннен қашып, құлап түсті. Сол жерде оны қайта ұрып өлтірген — бұл белгілі видеода анық көрінеді. Барлығы бірнеше минут ішінде болған! Егер Нұрғанатқа 01:04-те пышақ салынса, Шерзатқа 01:02-де. Ал 00:42-де олар әлі дүкенге келіп те үлгермеген! Тергеу неге бұлай шала жүргізілді?» — деп ашуланды заңгер.

Жохар Өтебеков тергеудің «масқара деңгейде» жүргізілгенін айтып, полицейлер мен прокурорларды күдіктіге жалған алиби жасап берді деп күмән келтірді. Соңында ол ирониямен: «Қаласаңыздар, айыптау актісін өзім-ақ жазып берейін», — деп қорытты.

Шерзат Полат ісі бойынша келесі сот отырысы 15 мамырда өтеді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.