Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі өз аумағы арқылы шетелдік дипломаттар, олардың отбасылары және Иран аумағында жүрген басқа да азаматтар үшін елден шығуға жағдай жасалғанын хабарлады.
Түрікменстанның шекара бақылау-өткізу пункттері арқылы шамамен 120 адам мемлекеттік шекараны кесіп өтті. Олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да бірнеше елдің азаматтары бар.
Келген адамдарға автокөлікпен тасымалдау, ыстық тамақ, қонақүйде тұру және бірінші қажеттіліктегі заттар қамтамасыз етілді.