Біз
әлеуметтік
желіде
14-06-25 |
260 рет қаралған
Иранның жауапты соққысынан Израильдің 4 азаматы қаза тапты.
Иранның жауапты соққысынан Израильдің 4 азаматы қаза тапты

The Jerusalem Post мәліметінше, Иранның Израильге жасаған төрт толқынды зымыран соққыларынан зардап шеккендер саны артты. Бұған дейін бір адамның қаза тауып, 63 адамның жараланғаны хабарланған еді, олардың үшеуінің жағдайы ауыр болған.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының жаңа басшысы Ахмад Вахиди мәлімдегендей, зымыран шабуылының негізгі нысаналары Израильдің әртүрлі бөліктерінде орналасқан үш әскери-әуе базасы болған. Сондай-ақ шабуыл Израильдің Қорғаныс министрлігі мен әскери-өнеркәсіптік орталықтарына бағытталған.

Израильдің құтқару қызметінің жаңа деректері бойынша, қаза тапқандар саны – төртеу, жараланғандар – 70-тен асады.

Бұған дейін Иран өткен түндегі шабуыл кезінде Израиль 78 адамды өлтіріп, кемінде 320 адамды жаралағанын хабарлаған болатын.

Кейін Иран Израильге баллистикалық зымырандармен тағы да соққы берген. Ал Nournews ақпаратына сәйкес, Израиль Иранның батысындағы Хамадан қаласына шабуыл жасаған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.