18-02-25 |
550 рет қаралған
Канадада ұшақ қонар кезде аударылып қалды.
Канадада ұшақ қонар кезде аударылып қалды

Delta әуе компаниясының ұшағы Торонто әуежайына қонған кезде аударылып кетті, нәтижесінде 18 адам жарақат алды. Оқиға бораннан кейінгі қатты желдің салдарынан болған.

Reuters мәліметінше, Миннеаполис-Сент-Пол (АҚШ) әуежайынан ұшқан ұшақ бортында 80 адам болған. Зардап шеккен 18 адамның үшеуі ауыр жарақат алды, олардың арасында бір бала бар.

Абырой болғанда, аударылған ұшақтың көптеген жолаушылары аман-есен эвакуацияланды.

Канада билігі Bombardier CRJ900LR ұшағының апатқа ұшырау себебі әлі белгісіз екенін мәлімдеді.

Жолаушы Джон Нельсон Facebook-те жариялаған видеода Лестер Пирсон атындағы әуежайдың қар басқан ұшу-қону жолағында өрт сөндіру көлігі аударылған ұшақты сумен шылап жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, ұшақтан өрт сөндірушілердің көмегімен адамдардың шығып жатқаны байқалады.

Торонто әуежайы ішінара жұмысын қайта бастады.

BBC мәліметінше, қаза тапқандар жоқ.

Айта кетейік, ақпан айының басында Филиппинде шағын жеке ұшақ құлап, борттағы барлық адам қаза тапқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.