Қайғылы оқиға 24 мамырда туристік базаның жағажайында болған. Бұл туралы марқұмның тәтесі өзінің видеоүндеуінде хабарлады.
Оның айтуынша, балаға көмектеспек болған бірнеше адам да зардап шеккен.
«Әжеміздің даусын естіп жүгірген қызды да тоқ соқты. Оның денесінде екінші дәрежелі күйік бар. Ағасына уақытында айқайлап үлгеріп, ол еңкейіп үлгерді. Тағы бір жігітті де жеңіл түрде тоқ ұрды», – деді ол.
Марқұмның туысының айтуынша, демалыс аймағының әкімшілігі электр желісіндегі ақау туралы білген. Алайда адамдардың қауіпсіздігіне қатысты ешқандай шара қолданбаған. Оның сөзінше, демалушыларға кіру кезінде бұл қауіп туралы ескертілмейді.
«Жоғары кернеулі электр желісіне 8 метрден жақын баруға болмайды. Бұл клубтың жабайы жағажайында бархандар мен салбырап тұрған ЛЭП сымдары бар, олар көрінбейді. Олар бұл мәселені бұрыннан білетін, себебі былтыр ол жерде олардың сиырларын тоқ соғып өлтірген. Бірақ әкімшілік демалушылардың қауіпсіздігі үшін ешқандай шара қабылдамаған. Кіру кезінде ешкімді ескертпейді, орын қоршалмаған, ескертетін плакаттар жоқ», – деп атап өтті ол.