10-06-24 |
3870 рет қаралған
Кәрім Мәсімов Тоқаевтан рақымшылық жасауды сұрады.
Кәрім Мәсімов Тоқаевтан рақымшылық жасауды сұрады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұрады, деп хабарлады Informburo.kz.

«Расында, ол осы мекемеден 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдаған», – деп хабарлады ҰҚК.

Мәсімовке қатысты ҚР ҚК 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)) және 366-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір ол Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.