Біз
әлеуметтік
желіде
28-06-25 |
80 рет қаралған
Қарағандыда жүкті әйел автобус аялдамасында босанды.
Қарағандыда жүкті әйел автобус аялдамасында босанды

Қарағандыда автобус күтіп тұрған әйел аялдамада босанып қалды. Ана мен жаңа туған нәресте медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлады ekaraganda.kz.

Оқиға «ТБЦ» аялдамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, медицина қызметкерлері жедел келіп, тиісті көмек көрсеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы босанған әйел мен сәбидің облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығына жеткізілгенін растады.

«Көмек көрсетілгеннен кейін босанған әйел мен жаңа туған нәресте ОКБ перинаталдық орталығына жеткізілді. Ананың жағдайы тұрақты. Нәресте жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр», – деді дәрігерлер.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.