arasha.kz

Кәсіпкерден ақша бопсалаған блогер ұсталды

Қарабалықта бопсалаушы блогер ұсталды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.

Әлеуметтік желілерде айыптаушы материалды жариялаймын деген бопсалау мен қорқытуды қолдана отырып, ол кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша қаражатын бопсалаған.

Өткізілген жедел іс-шаралар барысында прокуратурамен бірлесіп блогер Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Exit mobile version