arasha.kz

«Каспий» футбол клубына бөлінген қаражат жымқырылған

Маңғыстау облысының прокуратурасымен «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.

Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.

3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Exit mobile version