Біз
әлеуметтік
желіде
16-05-25 |
1220 рет қаралған
Қазақ белсендісі Дидар Смағұловқа Ресейге өмір бойы кіруге тыйым салынды.
Қазақ белсендісі Дидар Смағұловқа Ресейге өмір бойы кіруге тыйым салынды

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) оған Ресейге өмір бойы кіруге тыйым салғанын хабарлады.

Смағұловтың айтуынша, ол досына құқықтық мәселесін шешуге көмектесу үшін Ресейге бармақ болған. Белсендінің сөзінше, ресейлік шекарашылар таңғалған — олар өмір бойына елге кіруге тыйым салынған адамды жиі кездестіре бермейді, әсіресе бұл шектеу ФСБ тарапынан қойылса. Осы сәтті пайдаланған Смағұлов шекарашыларға тегін заң кеңесін өткізген.

«Ресейдің ФСБ-сы маған елдеріне баруға өмірлік тыйым салыпты. Онша қынжылған жоқпын, бірақ досыма құқықтық мәселесін шешуде бірге бола алмағаным өкінішті. Енді бұл халықаралық деңгейдегі құқықтық есепке айналды — мен оны құқықтық алаңда шешетін боламын», — деп жазды Смағұлов.

Қазақ белсендісі Дидар Смағұловқа Ресейге өмір бойы кіруге тыйым салынды

Фото: Дидар Смағұлов Facebook парақшасынан

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.