02-07-24 |
6180 рет қаралған
Киевте қастандық жасалған журналист Айдос Садықов қайтыс болды.
Киевте қастандық жасалған журналист Айдос Садықов қайтыс болды

Бұл туралы оның жұбайы Наталья Садықова Facebook желісінде хабарлады. «Бәсе» арнасының авторы Киев уақытымен түнгі үште ауруханада қайтыс болған.

«Он үш күн бойы Айдос реанимацияда өмір үшін күресті, бірақ болмады», – деп жазды Наталья.

Еске сала кетейік, Садықов 18 маусымда Киевтегі үйінің жанында оққа ұшқан болатын. Кейін қазақстандық полицияға шабуылға күдіктінің өзі келген.

Оның әйелі Наталья Садықова бұл қылмысқа Қазақстан билігін айыптап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.