Біз
әлеуметтік
желіде
22-05-25 |
120 рет қаралған
Көкшетауда ер адам бастығын өлтіріп, мүрдесін көлігінде жасырған.
Көкшетауда ер адам бастығын өлтіріп, мүрдесін көлігінде жасырған

41 жастағы Жанболат Кенжахметов он күнге жуық хабар-ошарсыз кеткеннен кейін өлі күйінде табылды. Марқұмның туыстарының айтуынша, 23 жастағы күдікті басшысымен арадағы жанжалды көтере алмай, қылмысқа барған болуы мүмкін. Екеуі де Көкшетаудағы алтын өндіру кәсіпорнында жұмыс істеген.

«Ол бәрін алдын ала ойластырған, ыңғайлы сәтті күткен. Бірнеше ай бойы соны жоспарлаған. Жалғыз әрекет етпеген, құмар ойынға әуес болған», – дейді марқұмның анасы Халида Игельдиева.

8 мамыр күні күндіз Жанболат Кенжахметов күдіктінің көлігіне отырған. Көше мен ауладағы бейнебақылау камералары оның ер адамды гаражға апарғанын, сол жерде қылмыс жасағанын тіркеген.

Қылмысты жасыру үшін күдікті марқұмның денесін бір күн бойы көлікте ұстап, түнде Станционный ауылына апарып көміп тастаған. Көп ұзамай полицейлер оны ұстап, қамауға алды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.