Қостанайдағы дамуында тежелісі бар балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 38 жастағы есепшісі өз үйінде асылып қайтыс болды. Әйелдің артында үш кішкентай баласы қалды. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.
HALYQSTAN басылымына аноним түрде пікір білдірген орталық қызметкерлерінің айтуынша, марқұмның жұмысындағы қиындықтарға қатты уайымдағаны байқалған. Олардың пікірінше, әйел ұжым ішіндегі ауыр психологиялық ахуалдың құрбаны болған.
Соңғы жылдары бұл әлеуметтік орталықты қызметкерлер мен басшылық арасындағы келіспеушіліктер орын алған.
Мысалы, жақында болған атышулы оқиғалардың бірінде тәрбиеші жасөспірім қызды үтікпен күйдірген. Бұл іс сотқа дейін жетіп, тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылған еді.