Біз
әлеуметтік
желіде
13-06-25 |
360 рет қаралған
ҚР СІМ Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жасады.
ҚР СІМ Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жасады

13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы ауқымды әуе операциясын бастады. Әскери соққылар Тегеран маңындағы кемінде алты әскери нысанға бағытталған.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац елде төтенше жағдай режимін жариялап, Тегеран жақын арада қарсы шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертті.

Осыған байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі отандастарымызға ресми үндеу жасады:

«Израильде жүрген барлық Қазақстан азаматтарына тыл басқармасының нұсқауларын қатаң сақтауға және қауіпсіздік шараларын күшейтуге кеңес береміз. Барынша сақтық танытып, соңғы жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен үнемі байланыста болуларыңызды сұраймыз», – делінген мәлімдемеде.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.