Біз
әлеуметтік
желіде
24-06-25 |
90 рет қаралған
«Крокус Сити Холлдағы» теракты бойынша тергеу аяқталды.
«Крокус Сити Холлдағы» теракты бойынша тергеу аяқталды

Бұл қылмыс Ресей Федерациясындағы саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында Украина қазіргі билігінің мүддесі үшін алдын ала жоспарланып, жүзеге асырылған, деп мәлімдеді Ресейдің Тергеу комитеті.

Айыпталушылардың бір бөлігі Дағыстан Республикасының Каспийск қаласындағы ойын-сауық кешенінде жарылыс ұйымдастыруды көздеген. Алайда бұл әрекеттің алдын алу мүмкін болған.

Тергеу мәліметінше, кейбір күдіктілер Ресейге шетелден келген, олар шекара сыртында бастапқы дайындықтан өткен. Басқалары Ресей аумағында болып, қылмысты іске асыру үшін құралдар мен қаржы іздеген.

«Тағы бір топ айыпталушылар атыс қаруын қайта жасап, оның бейбіт мақсатқа пайдалануға келмейтінін біле тұра, оны террористік ұйым мүшелеріне берген. Кейін бұл қару Каспийск қаласына жеткізіліп, сол жерден Мәскеу маңына апарылған», -деп мәлімдеді РФ Тергеу комитеті.

Айта кетсек, теракт салдарынан 149 адам қаза тауып, бір адам із-түссіз жоғалған. 609 адам түрлі жарақат алды. Шабуылдан келген жалпы шығын шамамен 6 миллиард рубльді құрады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.