Біз
әлеуметтік
желіде
15-05-25 |
100 рет қаралған
Қырғызстан қазақ кәсіпкеріне іздеу жариялады.
Қырғызстан қазақ кәсіпкеріне іздеу жариялады

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековті іздеуге жариялады. Ол қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыру және Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына (ОҚТ) қаржылай қолдау көрсеткен деген күдікке ілінді.

Тергеу материалдарына сәйкес, Жұмабеков Көлбаевтың қылмыстық әрекеттерін біле тұра, оған қаржылай көмектесіп, кәсіпкерлік жобаларын ТМД елдерінде жүзеге асыру үшін қолдау іздеген. Олар достық қарым-қатынаста болып, жиі Ыстықкөлдегі «Барс» демалыс орнында кездескен. Сондай-ақ, Жұмабеков Көлбаевтың туыстарына Алматыда қаржылай көмек көрсеткен.

Осы деректер негізінде Бішкектің Октябрь аудандық соты Ерқанат Жұмабековке сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітіп, оны іздеу жариялады.

Айта кетейік, Камчыбек Көлбаев — Қырғызстандағы ең ықпалды қылмыстық тұлғалардың бірі болған. Ол трансұлттық қылмыстық ұйым құрып, рэкет, бопсалау және кіріс заңдастырумен айналысқан деген күдікке ілінген. 2023 жылы 4 қазанда Көлбаев арнайы операция кезінде Бішкекте ұсталу сәтінде көз жұмған. Кейін оның және отбасының мүлкі мемлекет меншігіне алынған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.