arasha.kz

Іле ауданының әкімі жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Алматы облысы Іле ауданының әкімінің бірқатар ауыр жемқорлық қылмыстар жасағаны әшкере болды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз аффилиирленген компанияға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.

Сонымен қатар, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша күдікке ілінді.

«Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары тартылған. Айта кету керек, компанияның қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шартта көзделген міндеттемелері орындалмаған, ал оның қызметінен түскен табыс оны жеке байытуға бағытталған», – делінген хабарламада.

Өңір экологиясына құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде 204 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/10/akim-ilijskogo-rajonaqarasaev.mp4
Exit mobile version